From Wikipedia, the free encyclopedia
Томсон Уильям (Лорд Келвин, 1824 - 1907)- Ағылшын физигi Уильям Томсон әкесi Джеймс Томсонның жетекшiлiгiмен бастауыш бiлiм алды. 1834 ж. Томсон Глазго университетiне түседi, одан Кембридж университетiнiң Святой Петр (Питерхаус) колледжiне ауысады. 1845ж. универститеттi тәмамдағаннан кейiн, Париждегi Анри Виктор Реньоның лабораториясында бiрнеше ай жұмыс iстеп тәжiрибе жинайды. 22 жасында Томсон Глазго университетiнiң табиғи философия, яғни физика ғылымының профессоры болып тағайындалады. Глазгода Томсон Ұлыбританиядағы алғашқы физикалық лабораторияны ашты. Томсонның тәжiрибелерi жылудың динамкалық теориясын жасауға мүмкiндiк бердi. Термодинамиканың ең басты принциптерi Томсон (Кельвин) температурасының абсолют шкаласына және оның тапқан энергия диссипациясының принципiне негiзделген. 1851 ж. термодинамиканың екiншi бастауын тұжырымдап, энергия теориясын жасап шығарды. 1856 ж. Томсон өткiзгiштен ток өткен кезде жылу бөлiнетiнiн немесе жылу жұтылатынын байқаған. Бұл құбылысты Томсон эффектiсi деп атаған. 1870 ж. қаныққан будың серпiмдiлiгi сұйық бетiнiң пiшiнiне байланысты екенiн көрсеттi. Томсон – сымсыз телеграфтың негiзiн құрушы. 1854 ж. бастап трансатлантикалық телеграфтық кабельдердi жүргiзу жұмыстарына көп көңiл бөлдi. Телеграфтық байланысты шын мәнiнде жүзеге асыруда Томсонның тек теориялық бiлiмi ғана емес, сонымен қатар оның техникалық ашқан жаңалықтары де негiзгi роль атқарды. Томсонның магнетизмнiң математикалық теориясы, серпiмдiлiк теориясы, эфирдiң жаратылысы, атомның өлшемi және т.б. жөнiндегi еңбектерi бар.
Лорд Келвин | |
---|---|
Lord Kelvin | |
Туған күні, жері |
маусымның 26 Belfast, Ireland |
Қайтыс болған күні, жері |
1907 ж. желтоқсанның 17 (83 жаста)[1] Largs [1] |
Тұратын жері |
Belfast, Glasgow, Cambridge |
Ұлты | United Kingdom of Great Britain and Ireland |
Интитуттары | University of Glasgow |
Alma mater |
Royal Belfast Academical Institution Glasgow University Peterhouse, Cambridge |
Academic advisors | William Hopkins |
Notable students |
William Edward Ayrton William Murray Morrison |
Еңбегі үшін әйгілі |
Joule–Thomson effect Thomson effect (thermoelectric) Mirror galvanometer Siphon recorder Kelvin material Kelvin water dropper Kelvin wave Kelvin–Helmholtz instability Kelvin–Helmholtz mechanism Kelvin–Helmholtz luminosity Kelvin transform Absolute Zero Kelvin's circulation theorem Stokes' Theorem Kelvin bridge Kelvin sensing Kelvin equation Magnetoresistance Four-terminal sensing Coining the term 'kinetic energy' |
Influences |
John Pringle Nichol Humphry Davy Julius Robert von Mayer |
Influenced | Andrew Gray |
Негізгі марапаттары |
Smith's Prize Royal Medal Copley Medal |
Қолы | |
Notes It is believed the "PNP" in his signature stands for "Professor of Natural Philosophy." Note that Kelvin also wrote under the pseudonym "P. Q. R." |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.